01.02.2017
Өзбекстанның Самарқан қаласынан шыққан жүк Қазақстанның Алматы, Семей аумағы арқылы шекаралық Локоть станциясынан Ресей аумағына жөнелтілді.
Тез бұзылатын жеміс-жидектер тиелген арнайы ерекше температура ұстайтын рефрижераторлық контейнер аталған бағдарды бес тәулікте жүріп өтті.
Оның Қазақстан аумағындағы тәуліктік жылдамдығы мың шақырым болса, Ресей аумағында тәулігіне 300 шақырым ғана болды. Тез бұзылатын өнімдер соңғы (Новосібір) Клещиха станциясына қалыпты сақталған күйінде жеткізілді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны - «KTZ Express» АҚ Контейнерлік тасымалдау департаментінің директоры А. Кәрімовтың айтуынша, «Өзбекстанның жеміс-жидектерін Қазақстан аумағы арқылы Ресей бағытына жөнелту жұмыстары 2016 жылғы желтоқсанда басталған болатын. 45 футтық дербес рефрижераторлық контейнерді қолданудағы мақсат- логистикалық бағдардың қанатқақты жоба ретіндегі мүмкіндігін анықтау болатын».
А. Кәрімовтің айтуынша, Өзбекстанның жеміс-жидектерін «ҚТЖ» ҰК» АҚ логистикалық инфрақұрылымын пайдалана отырып, Ресейге жеткізу Қазақстан Республикасының транзиттік көлік әлеуетін дамыта түседі».