24.01.2017
Күрделі жөндеу жұмыстары аясында 164 шм жол пайдалануға беріледі. 2017 жылы орташа жөндеу аясында жұмыстардың үлкен көлемін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жөндеудің осы түрімен барлығы 1676 шм жол, соның ішінде заманауи технологияларды қолдана отырып қамтылатын болады.
Сондай-ақ 12 шағын жасанды құрылысқа жөндеу, демалыс алаңдарын абаттандыру жүргізіледі.
2017 жылдың екінші жартыжылдығында Алматы – Қапшағай және Астана – Теміртау учаскелерінде ақылы жол жүйесін енгізу жоспарлануда.
2016 жылы қайта құру жүргізілгеннен кейін Алматы – Қорғас, Алматы – Талдықорған, Бейнеу – Шетпе, Көкшетау – Петропавл, Шымкент – Ташкент, Шымкент – Жамбыл облысы шекарасы негізгі бағыттары бойынша 900 шақырымнан астам республикалық маңызы бар автомобиль жолы ашылғанын атап өткен жөн.