• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанның теміржол вокзалдарында тексеру процедурасы енгізулуде 18.01.2017

Тексеру процедурасы жолаушылардың қауіпсіздігін жоғарлату және антитеррористік қорғалуды қамтамасыз ету аясында ағымдағы жылдың 1 ақпаннан бастап іске қосылады.

«Тексеру процедурасы еліміздің вокзалдарында кезең кезеңмен енгізіледі. 1 ақпаннан бастап Алматы-1 мен Алматы-2, 1 сәуірде Астана вокзалында, ал қалған 13 теміржол вокзалдарында 1 маусымда ұйымдастырылады. Осыған байланысты 56 тексермелеу жабдық кешені сатып алынды», -  деді ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдік желі дирекциясының вокзал шаруашылығы Департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев.

Ж.Көрпебаевтың айтуынша, бұл орайда тексерісті өтіп, пойызға кешікпеу үшін жолаушылар вокзалдарға алдын ала келу қажет.

 

 


Back to the list