04.01.2017
Осы мақсатта «2015-2019 жылдарға арналған Нұрлы жол инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жүргізілуде, ол соның ішінде жүк айналымы мен транзиттік жүктердің көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Аталмыш бағдарламаның шеңберінде республика көлемінде 7 мың км. автожолдарды салу мен қайта жаңарту жоспарланып отыр, осы мақсатқа шамамен 2 млн. тонна жол битумы қажет.
Жалпы республикададағы мұнай жол битумына деген қажеттілік 400-500 мың тоннаны құрайды, ал отандық зауыттардың жалпы қуаттылығы жылына 1 млн. тоннаға дейін жетіп отыр.
2016 жылға арналған жол битумына деген белгіленген қажеттілік 410 мың тоннаны құрады.
Жедел мәліметтер бойынша 2016 жылы барлық зауыттармен 487 мың тонна (2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 107,3%) жол битумы өндірілді.
Осылайша, ішкі нарықтағы қажеттілік отандық өндірістегі жол битумымен толығымен қамтамасыз етілді.
Отандық битум зауыттарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және экспорттау үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мұнай жол битумының экспорттық кедендік баж салығының мөлшерлемесін 60 доллардан 15 Евроға дейін төмендету бойынша шара қабылданды (ҚР ҰЭМ 2016 жылғы 6 қазандағы №441 бұйрығы).