13.12.2016
Облыстық бюджет жобасында 16 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге арналған қаражат есептелген. Жолдардың жағдайын жақсарту үшін 6,7 млрд теңге бөлінді, ол өткен жылғымен салыстырғанда 86 пайызға жоғары.
Ауыл шаруашылығын дамытуға 15 млрд теңге бөлінді. Көкшетау қаласының абаттандырылуына аса көңіл бөлінді. Сондай-ақ, Астана қаласына жақын жергілікті пункттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Оған қоса, 2017 жылы әлеуметтік қорғау саласының шығыны 2,8 млрд теңгені құрайды. Бұл халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, жұмыс орындарының ашылуына бағытталады.