• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодар облысында жолдардың қамтылуына 5 млрд теңге бағытталады 12.12.2016

2017 жылы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 6 миллиард  теңгеге жуық қаражат жұмсалатын болады (2018 жылы – 4,6 млрд. теңге; 2019 жылы – 4,6 млрд. теңге). Облыс құқық қорғау органдарын материалдық-техникалық жарақтау жұмысы жалғасын табады. Жергілікті полиция қызметін жарақтау ісіне ерекше көңіл бөлінуде.

Полицияның учаскелік инспекторларына 40 автокөлік, 21 стационарлық радиостанция және 114 компьютер сатып алу жоспарланып отыр. Нәтижесінде учаскелік инспекторлар автокөлікпен 90%-ға, байланыс құралдарымен 100%-ға дейін, компьютерлік техникамен жабдықталуы 53%-дан 85%-ға дейін артады.

Бұл мақсатта 1 миллиард теңге жұмсалады. 2017 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бюджет шығыстары 6 миллиард теңгеге дейін немесе  2016 жылғы шығыстан 20%-ға өсті  (2018 жылы – 6,5 млрд. теңге және 2019 жылы – 6,9 млрд. теңге). Жыл сайын тұрақты түрде өткізілетін іс-шаралар сақталып қалады.  2017 жылы аймақ жолдарын күтіп ұстауға және жөндеуге 5 миллиард 564 миллион теңге  бөлінеді, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 3 миллиардқа артық (2018 жылға – 3,3 млрд. теңге,  2019 жылға-3,5 млрд. теңге).

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың күрделі жөндеуіне бөлінген қаражат екі есеге артып, 4,5 миллиард теңгені құрады. Бұл қаражат былайша бөлінбек: 3 миллиард теңге - елді мекендердегі кірер жолдар мен кентішілік жолдар мен көшелердің орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарына, 1 миллиард теңге – облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 74 километрін орташа жөндеуге. 2017 жылғы абаттандыру, жарықтандыру жұмыстарына және профилактикалық дезинсекция және дератизация жүргізуге 3,5 миллиард теңге жұмсау жоспарланған, бұл 2016 жылға қарағанда 15 есе көп (2018 жылға – 1,0 млрд. теңге, 2019 жылға – 0,7 млрд. теңге).

Қалалар мен аудандарға қаржылай көмек көрсету мақсатында, елді мекендерді, қалалардың кварталішілік аумақтарын, саябақтарды абаттандыруға және оларды жарықтандыруға 3 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді. 2017 жылдан бастап қансорғын жәндіктер мен кеміргіштермен күрес шаралары Павлодар қаласының, облыс моноқалалары мен жағада орналасқан аудандар аумағында жүргізілетін болады. Өңдеу жұмыстарына 602  миллион теңге бағытталады. Бұл 2016 жылғыдан 3,5 есе көп (2016 жылы – 170,7 млн. теңге). 2017 жылдың бюджетінде табиғат сақтау шараларына 792,2 млн теңге, бизнесті қолдауға және дамытуға 1,8 млрд теңге жұмсалмақ.


Back to the list