07.12.2016
Қ. Алпысбаев ТХКБ дамыту жөніндегі Үйлестіру комитетінің ролін ерекше атап өтіп, аталмыш бағдардың Каспий көлік-инфрақұрылымын дамыту мен бағдардың аясын кеңейту, Қазақстанның транзиттік әлеуетін жүзеге асырудағы маңызына тоқталды.
Кездесу барысында бағдарға қатысушылардың өзара технологиялық мәселелері, баға белгілеудегі бірыңғай саясат, транзиттік өтпелі тарифтік мөлшерлемелер қарастырылды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қ. Алпысбаев пен «Әзербайжан Каспий теңіз кеме қатынасы» ЖАҚ төрағасы Рауф Велиев стратегиялық серіктестік туралы Келісімге және бірлескен кәсіпорын құрудың негізгі тәртібі туралы Келісімге қол қойды.
Келісімдер Транскаспий халықаралық көлік бағдарын бірлесіп тиімді пайдалану мен дамытуды қарастырады.
Тараптар Қазақстан мен Әзербайжан порттары арқылы жүк тасымалдауды ұйымдастыру, әртүрлі бағдарларға паром тасымалы мен құрғақ жүк тасымалын арттыру жоспарын жасау, инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді пайдалану (кеме жасау және кеме жөндеу нысандары, т.т)
Сондай-ақ, бірлескен кәсіпорын құру жоспарланып отыр. Бірыңғай коммерциялық оператор қызметін пайдаланып, Транскаспий дәлізімен Құрық порты арқылы (Ақтау) –Алят (Баку) – Құрық (Ақтау) теңіз жүк тасымалын қамтамасыз етумен қатар басқа да бағдарларға шыға алады.
Тараптардың айтуынша, «Транскапий бағдарындағы өзара серіктестік аймақтағы елдердің ықпалдастығының дамуына серпін береді. Ғаламдық көлік-логистикалық нарығына қосылуға ықпал етеді».