02.12.2016
«KTZ Express» АҚ «Бірлескен көлік-логистикалық компаниясы» АҚ-мен («БКЛК» АҚ) бірлесіп ұйымдастырылған пойыз кедендік ресімдеу мен 1520 жолтабанына ауыстырудан 55 минутта өтті. Пойызды Брест станциясынан Еуропаға жөнелту үшін қайта тиелуі 7 желтоқсанға жоспарланып отыр, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
«Клиенттердің аталмыш бағдарды таңдауына «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты ұсынатын 1520 жолтабанындағы қызметінде инфрақұрылымының дамығандығы, сапалы логистикалық қызмет көрсетілуі себеп болып отыр», - деді «KTZ Express» АҚ президенті Диас Ысқақов.
Бүгінгі таңда «KTZ Express» АҚ серіктестерімен бірлескен түрде 17 тұрақты контейнерлік бағдарға операторлық қызмет көрсетеді. Ляньюньган портынан басқа Чунцин, Чженьчжоу, Ухань, Чэнду, Сиань, Иу, Хефей, Ланьчжоу қалаларымен де серіктестік жолға қойылған. Қазіргі кезде компанияның қызметін Hewlett-Packard, Acer, Huawei, Foxconn, Toshiba басқа да ірі трансұлттық компаниялар тұтынуда.
ЕО пен ҚХР шекаралық терминалдарының да осыншалықты жүктерді өткізуге әлеуеті жеткілікті.
БКЛК бірінші вице-президенті Ержан Жәкішевтің айтуынша, таяу болашақта тапсырыс иелеріне 1520 жолтабанды жаңа транзиттік инфрақұрылым жеткізілімі ұсынылады. Бұл өз кезегінде БКЛК темір жол бағдарына қызығушылықты көтеріп, 2025 жылдары тасымалдау көлемін 1 миллион TEU тоннаға жеткізуге болады.