• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанадағы көрмеде жол құрылысы саласындағы жетістіктер ұсынылды 18.11.2016

Онда жыл сайын жол құрылысы, жөндеу және күтіп-ұстау саласындағы соңғы жетістіктер таныстырылады. Іс-шараға 100-ден астам жетекші кәсіпорын қатысты, олардың ішінде ғылыми-зерттеу және жобалау институттары, Ресей, Украина, Беларусь, АҚШ, Германия және басқа да көптеген елдердің ірі фирмалары мен компаниялары бар.  

Көрмеге қатысушылар жолдарды жобалау мен салудан, жаңа құрылыс материалдары мен технологияларын әзірлеуден бастап жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлылығын арттыру механизмдеріне дейінгі өнімдермен және көрсетілетін қызметтермен таныстырды.

Одан басқа, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақпараты бойынша, көрме аясында конференция ұйымдастырылып, ондағы қатысушылар Қазақстанның жол саласында битумдық материалдарды пайдалану, жол қозғалысының құрылысы мен қауіпсіздігі кезеңдерінде сапаны бақылау мәселелерін талқылады.   


Back to the list