11.11.2016
«Құрық» портында паром кешені құрылысының жобасы бойынша су көлігі саласында бұрғылау-жару жұмыстары 100%-ға орындалған, рельстік-шпалды торларды төсеу аяқталған - 12,26 шм, 195,6 мың текше метр тас немесе жобалық көлемнен 55 %-ы жеткізілген», - делінген хабарламада.
Әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілер бойынша 547 данадан 465 тірек немесе 85%-ы орнатылған, сыртқы электрмен жабдықтау желісін құру үшін 140 шм-дан 73 шм сым тартылған.
Одан басқа, кедендік және шекаралық бақылау қызметтері бар порттың диспетчерлік бөлімі бойынша жұмыстар 80%-ға орындалған, су құбыры, кәріз және жылумен жабдықтау желілері бойынша жұмыстар 60%-ға орындалған. Алғашқы іске қосу кешенінің жұмысын бастау 2016 жылғы желтоқсанға жоспарланған.
Еске сала кетейік, «Құрық» портындағы паром кешені «Нұрлы жол» бағдарламасының объектісі болып табылады, ол Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетінің дамуына күшті серпін береді және Жаңа Жібек жолы жобасын іске асыруға ықпал етеді.
Индира Қауметова