02.11.2016
2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап төмендегі пойыздардың нөмірлері өзгерді:
«Алматы-2-Астана» бұрын № 1/2 болса, енді № 701/702;
«Алматы-2-Петропавл» бұрын № 701/702 болса, енді № 705/706;
«Астана-Шымкент» бұрын № 79/80 болса, енді № 707/708.
Сонымен қатар 2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап № 3/4 «Алматы-2-Астана» пойызы және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап № 11/12 «Алматы-2-Шымкент» пойызы жаңа үлгідегі «Тұлпар-Тальго» кең кузовты вагондармен жасақталатын болады.
Жолаушылар пойызын қанағаттандыру мақсатында енді Астанадан Алматыға күніне «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған үш жүрдек пойыз (№ 3/4, 701/702 және 705/706) қатынайтын болады.