• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ұзындығы 189 шақырымды құрайтын Астана – Көкшетау – Петропавл көлік жолының учаскесі ашылды 17.10.2016

Астана – Петропавл автомобиль жолының жалпы ұзындығы 489 шм құрайды. Бірінші Астана – Щучинск учаскесі (211 шм) 2009 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта ұзындығы 189 шм құрайтын Көкшетаудан Петропавлға дейінгі учаскені қайта құру аяқталуда. Жолға асфальт-бетон қоспасын төсеу бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары аяқталу кезеңінде.

Қазіргі сәтте Көкшетаудан Петропавлға дейінгі жаңа салынған көлік жолы бойынша автокөлік құралдарының қозғалысы ашылды. Көлік жолы І және ІІ техникалық санат параметрлері бойынша салынған, Көкшетау қаласының маңындағы қозғалыс 4 жолақ бойынша, одан әрі екі жолақ бойынша жүзеге асырылуда.

Осылайша, Астана – Петропавл дәлізінде қолайлы және үздіксіз жол жүру толықтай қамтамасыз етілген.


Back to the list