• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2016 жылы ҚТЖ-ның  жүк айналымын пайдалану көлемі 1,5 млрд  тонна-шақырымға артты 15.10.2016

Осы аралықта Қытайдан Еуропаға бағытталған контейнерлік пойыздар саны екі есеге артқан. Бұл бағдарға 528 пойыз қатынаған. Кері қарайғы бағдарға «Еуропа-Қытайға» 252 пойыз өткен. Бұл көрсеткіш өткен жылы Қытайдан-Еуропаға -250 кері қарай 115 пойызды құраған. Барлығын қосқанда контейнерлік пойыздар саны 1260-қа жетіп отыр.

Жыл басынан бері пойыздарға 156,2 миллион тонна жүк тиелсе, оның 5,6 млн тоннасын астық өнімдері, - 1,9 млн тоннасын ұн құрайды.

Атап өтерлігі, қыркүйекте астық тасымалы 713 мың тоннаға жеткізілді.

Оның 436,7 мың тоннасы ішкі нарыққа жіберілсе, ол жоспарлы көрсеткіштің 87 % астамын құрайды. Астықтың негізгі экспортқа шығарылатын бағдарлары - Орталық Азия елдері (64%), Ресей (17%), Ауғанстан (8%), Иран (5%), Қытай (5%), Беларусь және Балтық жағалауы елдері (1%) болып табылады.

Компанияның көрсеткіштерінің өсуі Қазақстанның көлік әлеуетін арттырудың стратегиялық тапсырмасының нәтижелі орындалуынан көрініс тауып отыр. Белгіленген межеге жетудің мүмкіндігі көлік нарығына қатысушылардың күш қуатын шоғарыландырылған және мақсатты түрде Қазақстанның жүк вагон паркінің ірі операторы «Қазтеміртранс» АҚ, мультимодальдық көлік логистикалық «KTZ Express» АҚ компаниясы, ауыл шаруашылығы жүктерін теміржолмен тасымалдаушы Қазақстан-Ресей бірлескен «Астық Транс» АҚ кәсіпорны ұжымдасып атқаруынан көрінді.

Компанияның алдындағы басым бағыттарының бірі жүктерді бұған дейінгі бағдарлардан тыс қосымша бағдарларға да тартуды ұйымдастыру өмір талабы болып отыр. Бұл мақсат ішкі және сыртқы бәсекелес ортадағы тасымалдың күшеюінен де көрініс табады.


Back to the list