• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан, Әзірбайжан  және  Грузия  Халықаралық ТХКБ қауымдастығын құруда 10.10.2016

Отырысқа Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Украина темір жол әкімшіліктерінің жетекшілері, Ақтау, Баку халықаралық сауда портының, Әзербайжан Каспий теңіз пароходы, Батуми теңіз порты, «Укрферри» компаниясы, TranslogisticSRL, Халықаралық Транскаспий көлік консорциумының өкілдері қатысты. 

Отырыста «Халықаралық Транскаспий халықаралық көлік бағдары қауымдастығын» құру жайы талқыланды.

Талқылауға «ҚТЖ» ҰК» АҚ –дан Қ. Алпысбаев, «ГТЖ» АҚ басшысы М. Бахтадзе, «ӘТЖ» ЖАҚ-нан Д. Гуранов, «АҚТП» ЖАҚ-на Р. Велиев, «БХМКП» ЖАҚ-нан Т. Зиядов қатысты.

Қауымдастық құрылтайшылары құрылтайшылық келісімге қол қойып, Жарғысын қабылдады. Қауымдастықтың офисі Астана қаласында орналасатын болып шешілді.

Қауымдастықтың қызметі ТХКБ бағдарына ықпалдасқан логистикалық өнім жасауды дамыту мақсатында транзиттік және сыртқы сауда жүктерін тартуға бағытталады.

Сондай-ақ, Қауымдастық – тиімді тариф саясатын, ықпалдасқан қызмет бағасы мен үнемдеу, тасымалдау үдерісіндегі бірыңғай технология құру, шекаралық және кедендік ресімдеулердегі және жүктерді өңдеу, түйісу станцияларындағы портта контейнерлерді өңдеудегі әкімшілік кедергілерді төмендетуді көздейді.

Барлық шаралар ТХКБ баламалы бағдарлармен бәсекелестікті күшейтуге арналады.

Оның сыртында, Қауымдастық отырысында офистің бақылаушысы мәртебесі «ТРАСЕКА-ға берілді.

ТХКБ үйлестіру комитетінің отырысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Еуразия көлік дәлізін бәсекелестікке сай етіп дамытуда ТХКБ-ның маңызы зор екендігін атап өтті.

«Үйлестіру комитеті құрылған кезден бастап, тиімді тарифтік жүйе жасалды. Жүк тасымалдаудың бірыңғай технологиясы және бірлескен ықпалдасқан логистикалық Nomad Express өнімін жасауға қол жеткізілді. Контейнерлік пойыздар жіберілді. Халықаралық транскаспий көлік консорциумы құрылды»,-деп хабарлады Қ. Алпысбаев.

Отырыс барысында қазақстан тарабы қатысушыларды «Құрық паром құрылысы кешені және жүк жолаушылар тасымалдау әмбебап паромын пайдалану» жобасын жүзеге асырып жатқандығы мен Құрық порты алғашқы кезеңін пайдалануға беру 2016 жылдың аяғында атқарылатындығын хабарлады.

Үйлестіру комитеті Құрық порты мен Алят порты арасында сынақтық вагон тасымалдау паромын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

Отырыс барысында ТХКБ мөлшерлемесін бәсекелестікке сай етіп белгілеу жайы талқыланды. Тараптар Қазақстаннан экспортқа шығарылатын бірқатар жүктергді тасымалдауға, оның ішінде астық, мұнай өнімдері және түсті металл бар, ТХКБ қатысушы елдерде тарифтік жеңілдіктер жасауға келісті.

 

 

 

 

 

 


Back to the list