07.10.2016
«Грузин темір жолдары» АҚ бас директоры Мамуко Бахтадземен кездесуде көлік және логистика саласындағы байланысты нығайта түсу жайы қарастырылды. Оның ішінде тасымал көлемін ұлғайту жөніндегі серіктестік мәселесі, екі ел аумағы арқылы өтетін транзиттік жүк ағынын өсіруге қолайлы жағдай жасау мәселесі талқыланды.
«Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Джавид Гурбановпен кездесуде тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша байланысты белсенді жүргізу туралы ойларымен бөлісті.
Сол күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ әкімшілік ғимаратында «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ-ның өкілдігі ашылды.