• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысында жолдарды жөндеу бойынша 8 жоба аяқталуға жақын (ФОТО) 06.10.2016

Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Қашықовтың айтуынша жергілікті мәндегі жолдарды жөндеуге облыстық және аудандық бюджеттен жыл сайын тұрақты түрде қомақты қаражат бөлінеді.

Тек биылдың өзінде аудандық бюджеттен 6 миллион және облыстық бюджеттен 60 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Өңір арасындағы жолдармен қатар Шортанды кентіндегі көптен жөндеу көрмеген бірнеше көшенің өңі кірді. Жұмыстар осы жылдың 1 мамырында басталып, 30 маусымда толығымен аяқталды. Осылайша жылдар бойы жолдың ой-шұңқырынан көз ашпаған шортандылықтардың айы оңынан туды.

Сондай-ақ «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес Пригородное селосы мен Раевское селолық округында көшелерге 2 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп көшелерге жөндеу жасалған.  

«Жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде де біршама көшелердің ой-шұңқыры тегістеліп, ауылдағы ағайынның игілігіне берілді.

 


Back to the list