05.10.2016
«KTZ Express» АҚ («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) мен кеден қызметі, «Қазпошта» АҚ-ның бірлескен жедел ұйымдастыру шараларының нәтижесінде кедендік ресімдеу мен бекеттен өткізу жылдам өткізілді.
Пошталық контейнерлік пойызды жіберудің қанатқақты жобасы Қазақстанның, Қытай мен Еуропаның темір жол тасымалдаушылары, пошта әкімшілігі, кеден органдары Әлемдік пошта одағы, Әлемдік кеден одағы, Халықаралық темір жол тасымалының Үкіметаралық мекемесі (OTIF), Темір жол көлігінің халықаралық комитеті (CIT) қолдауымен жүзеге асырылды.
Пошталық тауарларды темір жол көлігімен тасымалдау қазіргі кездегі электрондық сауда мен тауарларды жеткізудің сервистік қызметі дамып келе жатқан тұста мұндай логистикалық шешімдерді жүзеге асыру уақыт талабы болып табылады.
Айта кету керек, Халықаралық темір жол көлігімен жүк тасымалдау бағдары келісіміне (СМГС) аталмыш тауарларды темір жол көлігімен тасымалдау бойынша өзгерістер енгізілді.