04.10.2016
Жиынға Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиев пен Ресей Федерациясы көлік министрінің орынбасары - Статс-хатшы Сергей Аристов төрағалық етті.
Панельді сессияда Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың автомобиль, темір жол, теңіз және әуе көліктері, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы автомобиль жолдарын дамыту сияқты негізгі мәселелер талқыланды.
Қазақстанның темір жол және автомобиль жолдарының Ресейдің ірі шекаралық аймақтарына шығу жағы қамтамасыз етілген. Бұл Қытайдан Еуропалық одақ елдері мен Парсы шығанағына Қазақстан мен Ресей арқылы шығатын және жолаушылар мен жүк тасымалының артуына мүмкіндік туғызатын халықаралық көлік дәлізі болып табылады», - деді Б.Камалиев.
Бүгінгі таңда екі ел арасында күнделікті 20 әуе рейсі қатынайды. Қазақстан мен Ресей арасында 29 ұшу бағыты қамтылған.
Отырыс қортындысы бойынша, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Ресей автомобиль жолдары» Мемлекеттік компаниясы мен «РТ-Инвест Көлік Жүйесі» жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.
Панельді сессияға Ресей тарапынан Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің, Федералды жол агенттігінің, Әуе көлігі федеральді агенттігінің, «Автодор» мемлекеттік компаниясының, «Ресей темір жолдары» ААҚ, «Росавтотранс» федеральді бюджеттік басқармасының, «Бірлескен көлік-логистикалық компания» өкілдері мен Челябинск, Свердловск, Новосибирск облыстары мен басқа да ресейлік көлік ұйымдарының өкілдері қатысты.
Отырысқа қазақстандық тараптан «KAZLOGISTICs» Қазақстан көлікшілер Одағының, «Қазақстан темір жолы» ҰК» Акционерлік қоғамының, Павлодар, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының, «Эйр Астана», «СКАТ», Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамының, «Астана Халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының өкілдері және «AdilLogistic» ЖШС, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК», «ТрансКом» ЖШС, «ЭТК Сервис» ЖШС және тағы басқалар қатысты.
Ботагөз Айтжанова