• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР ИДМ  теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдаушыларын анықтау бойынша байқау өткізеді 03.10.2016

Инвестициялар және даму министрлігі хабарлағандай, конкурс нәтижесі бойынша субсидиялау туралы шарттар 20 жылға дейінгі мерзімде жасалатын болады. Аталған шарттың өзгешелігі оған жолаушылар вагон парктерін жандандыру бойынша міндетті талаптарды енгізу және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тасымалдаудың шарттарын қамтамасыз ету болып саналады.

Сонымен қатар, жолаушыларды тасымалдауды субсидиялау туралы шарттар аясында қызмет көрсетілетін тасымалдаушылармен маршруттарды дамыту қарастырылады.Бұлар:жолаушылар пойыздарының поездық бригадаларымен жолаушыларды қамтамасыз ету стандартын енгізуге;жолаушыларды ақпараттандыру, шағымдар мен ұсыныстар үшін тегін «Call-center» енгізуге;пойыздардың 3 сағаттан артық кешігуі кезінде жолаушыларды хабарландыруды (естірту) енгізуге;барлық пойыздарды мүгедектік кресло-арбалармен жабдықтандыруға;пойыздардың басшыларын және жолсеріктерді клиенттерге (жолаушыларға) қызмет көрсету әдебі және сапасы бойынша оқытуға;жол жүру құжаттарына (билеттерге) динамикалық бағаның құрылуын енгізуге;пойызды бағалауды жүзеге асыру және жолаушылар үшін пікірлерін ұсыну мүмкіндігімен электрондық ресурстарда жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды енгізуге;жол жүру құжаттарын сату көлемі және т.б. есебімен жеңілдік жүйесін құруға қатысты.

Жоғарыда көрсетілген шарттарды ескере отырып тендерлік ұсыныстарды бағалау негізінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушы анықталады.

Қолданылған шаралар жолаушылар поездарында сапаны және сервисті дамытуға және тасымалдаудағы қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, соңғы үш жылда жолаушылар пойыздарының физикалық тозу деңгейі 70%-дан 49%-ға дейін төмендеген. Тасымалдаудағы қажеттілікті қанағаттандыру үшін 500-ден аса жаңа жолаушылар вагондары сатып алынған және 10 жаңа жүрдек жолаушылар пойыздары жіберілген.

 


Back to the list