• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда контейнерлік «шаттл – пойыздар» іске қосылады - ҚТЖ 09.02.2015

 «ҚТЖ»ҰК»АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, «шаттл» жүйесі бойынша жүкті тасымалдау әр сәрсенбі сайын жүзеге асырылады. Атылмыш қызмет Алматы – Қандыағаш – Алматы бойынша Орал, Ақтөбе, Маңғыстау мен Атырауға қарай тағы да вагон қосып алу арқылы іске қосылады.

«Күтіліп отырғандай, шаттл жүйесі бойынша Алматыдан Атырауға дейін 3 тәулік жүреді. Ал Маңғыстауға дейін – 4 тәулік, Ақтөбеге дейін – 3 тәулік, Оралға дейін – 4 тәулік болады», - делінген хабарламада.   

Аталып өткендей, бұл жүйенің басты артықшылығы тұтынушының уақыты мен қаржысын үшнемдеу. «Шаттл» жүйесі бар жүрдек пойыздар жүктің уақытылы жеткізілуін немесе қайта қайтуын, вагондардың тұтынушыға қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Хабарланғандай, 15 наурыздан бастап «шаттл-пойыздар» коммерциялық пайдалануға беріледі. Олар аптасына 3 рет жолға шығады. Ал, «шаттл» жүйесі бойынша пойыздардың операторы «KTZ Express»АҚ болмақ. 


Back to the list