04.02.2015
«Жолаушылар тасымалдау» АҚ ақпаратынша, бұған дейін 2014 жылы елімізде жаңа төрт бағыт бойынша (Алматы-Ақтөбе, Астана-Қызылорда, Астана-Өскемен, Алматы-Өскемен) «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған жүрдек пойыздардың жолға шықаннын еске саламыз.
Жалпы өткен жылы темір жол көлігінің қызметін 20 миллионнан астам жолаушылар пайдаланған.
Бұл нәтижеге жаңа бағыттардың ашылуы, жолда жүретін уақыттың қысқаруы, жылжымалы құрамның жаңартылуы, икемді баға белгілеу жүйесі мен билет сатудың жаңа электронды түрін енгізудің, сондай-ақ жалпы қызмет сапасын жақсартудың арқасында қол жетіп отыр.
Бүгінде темір жолда жолаушылар тасымалы 122 бағыт бойынша жүргізіледі: «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы 57 бағытта (оның 12-і халықаралық ) және «Қала маңы тасымалы» акционерлік қоғамы 65 бағытта қызмет көрсетеді.