03.02.2015
«Қазірдің өзінде HP, Toyota, DHL сынды әлемдік компаниялар ЕЭА-ны қолдануға қызығушылық танытуда. Аталмыш ЕЭА-ның құрылуы аталмыш компаниялардың көліктік шығындарын қысқартып, жеткізу уақытын үнемдейді. Бүгінгі таңда негізгі өнім Қытайдан келеді, Шығыс порттарына жүктеліп Ресейге 45-60 күннің ішінде жеткізіледі», - деді К.Алпысбаев.
Чунцин елді-мекенінен құрғақ бағыт арқылы еуропалық Дуйсбург қаласына тасымал 16 тәулікте жүзеге асады.
«Қазақстан барлық бағытқа Қытай арқылы жүк тасымалдауды 2020 жылға қарсы 18 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. ЕЭА арқылы логистикалық тасымал 4 млн тоннаны құрайды. Оған 140 млрд теңге инвестиция тартылады деп жоспарлануда», - деді вице-президент.
Айта кетерлігі, жобаның жалпы құны 78,8 млрд теңгеге тең. Ол қосалқы инфрақұрылым мен логистикалық аймақ, индустриалды аймақ пен құрғақ порттың салынуына жұмсалады.
Камила Амирова