• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Қазақстан - Түрікменстан - Иран» темір жолындағы  жүк айналымы 2020 жылға қарай 15 млн тоннаға жетеді - ҚТЖ 03.02.2015

«Қазақстан-Түрікменстан жаңа желісі бойынша 2014 жылы жүк айналымы 1,1 млн тоннаны құрап, 2013 жылғы көрсеткіштен 3 есе асып кетті. Болжам бойынша 2020 жылы жүк айналымы 15 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде Парсы шығанағының елдеріне Иран арқылы жүк айналымы 5 млн тоннадан кем болмауы керек», -  деп хабарлады Қ.Алпысбаев.

Оның айтуынша, Қазақстан, Түркіменстан мен Иран елдері арасындағы теміржол желісін пайдалануға беру қазақстандық экспорттың көрші елдерге, парсы шығанағы елдеріне шығуына мүмкіндік берді.

«Біз Қытайдан Оңтүстік Азия елдеріне Иранға және Парсы шығанағы елдеріне 1 млн тоннадан кем емес көлемде транзитті жүк жібереміз. Қытай маңызды нарық ретінде қалып отыр», - деп толықтырды ұлттық компанияның вице-президенті.

Қ.Алпысбаев толықтырып өткендей, ҚТЖ ұйымдастырылған транзиттік контейнерлік поездар жұмысының белсенділігін арттыруда. «Өткен жылы тәулігіне 14-16 контейнерлі поезд  жөнелтілді. Біздің мақсатымыз кәулігіне 1,5 мың км жүріп отыру арқылы жүкті жедел жеткізуге қол жеткізу» - деді ол.

Камила Амирова


Back to the list