02.02.2015
«Қаржы тапшылығын азайту мақсатында республиканың автомобиль жолдары ақылы жүйе кезең-кезеңімен енгізіледі. 2022 жылға дейін көліктік инфрақұрылымды дамыту аясында ақылы республикалық маңыздағы автомобиль жолдары 7 мың км ұлғайтылды. Бұл республикалық маңыздағы 23 мың км үштен бір бөлігі», - деді Ж.Қасымбек.
Министрдің орынбасары атап өткендей, Астана-Теміртау, Алматы-Қапшагай, Астана-Павлодар және де өзгеде жүкайналымы жоғары жолдардың күтімі олардың ақылы болуы арқылы өз-өзін ақтайды.
Вице-министр еске салып өткендей, 2013 жылы 211 км созылған Астана-Щуче автомобиль жолдары бағытында ақылы жүйе енгізілді, ол өз күтімнің 86% қамтамасыз етті. «Жалпы, 1 млрд 65 млн теңге жиналды, республикалық бюджет 179 млн теңге қосымша қаржыландырды. Ағымдағы жылы біз осы жол бойынша 100% қаржыландыруға қол жеткіземіз, яғни бюджеттің қаржысыз жол күтімін қаржыландыра аламыз», - деп сендірді ол.
Камила Амирова