• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда 2015 жылы 2,5 мың км жол жөнделеді – ИДМ 02.02.2015

«Ағымдағы жылы жергілікті маңыздағы жолдарды республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 80 млрд теңгені құрады. Жалпы, қарастырылған қаржымен республика бойынша 2,5 мың км автожол жөндеу жоспарланған», - деді Ж.Қасымбек.

Министрдің орынбасары 2014 жылдың қорытындысы бойынша айқын болғаны, 73 200 км автожол яғни 37 пайыз қанағаттандырылмайтын дәрежеде тұр.

«Оған қоса, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облыстарында аталмыш көрсеткіш 50 пайызға жетеді. Бұл орайда біз әкімдіктермен жұмысты белсенділетіп, автожолдардың техникалық жағдайын жақсартуға көп көңіл бөлеміз», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, кейбір облыстарда жол сапасын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Мәселен, Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарына орташа есеппен 10 млрд теңге бөлінеді», - деді ол.

Камила Амирова


Back to the list