15.01.2015
«Бүгінде компания тасымалынан түсетін табыстың төрттен бірі транзитке тиесілі. Аталған көрсеткішті біз 50 пайызға дейін арттыру мақсатын алға қойып отырмыз», - деді Мәмин.
Оның айтуынша, соңғы жылдары компанияның жүзеге асырып жатқан көпмодельді құзіретті дамыту мен тиімділікті арттыру стратегиясының дұрыстығына 2014 жылы көз жеткізіп отырмыз. «Ұзақмерзімді болашақта компанияның дамуы саланың әлемдік көшбасшыларына дейін дәстүрлі сегменттегі тиімділікті арттыру мен транспорттық-логистикалық жоғары сапалы бәсекеге қабілетті ұсыныстар арқылыішкі және халықаралық нарыққа мультимоделдік және транзиттік тасымалдың үлесін арттыру есебінен компания ұзақмерзімді дамуына қол жеткізбек», - дейді.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2014 жылы компания стратегиялық жобаларды іске асыруға мүкіндік алды. Жезқазған-Бейнеу мен Арқалық-Шұбаркөл темір жолдары пайдалануға берілді. Оның жалпы ұзындығы 1200 шақырым. «Өзен-Берекет-Горган» трансконтинентальді магистралі мен 2013 жылы пайдалануға берілген қазақстандық бөлігі соның қатарында. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында рельсті-арқалық өнімдерін шығару зауытының технологиялық процесі ресми түрде іске қосылды. «Қорғас-Шығыс қақпасы» ЕЭА құрлық портының бірінші кезегі пайдалануға берілді. Ляньюньган теңіз портындағы логистикалық терминал құрылысы аяқталып, Боржақты-Ерсай темір жолы құрылысы басталды. Астана, Шымкент пен өзге қалалардағы транспорттық-логистикалық орталықтар қолға алынды.
Сонымен қатар стратегияны ары қарай іске асыру аясында корпоративті мәдениет нарығын құру, қызмет сапасы мен тиімділігін арттыру, тұтынушыға бағытталға әдістерді енгізу мақсатында басқару жүйесі мен реинженеринг трансформациясы жұмыстары басталды.
Жиын қорытындысында басшы ҚР Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын іске асыру тетіктеріне көңіл аударды.