09.01.2015
Ведомсвто басшысы Ақтау халықаралық теңіз сауда портының аумағында Қазақстанның Батыс аймағының көліктік-логистикалық даму әлеуеті бойынша кеңес өткізді.
Бүгінде «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ мен «Болашақ» шекаралық өткелінде жүк айналымы өсіп келеді. Өткен жылы Қазақстанның теңіз қақпасы арқылы 10,3 млн тонна жүк тасымалданды, ол 2013 жылмен салыстырғанда 2%-ға жоғары. Сонымен қатар 6,2 млн тонна жүк теміржол арқылы тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 10%-ға өскен. Теміржол желісі арқылы жүк айналымының артуы Жезқазған – Бейнеу мен Өзен – Болашақ теміржол желілерінің іске қосылуымен байланысты.
Бұдан басқа әкімдіктен атап өткендей, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауында берген тапсырмасын орындау мақсатында Маңғыстау облысында бірқатар көліктік-логистикалық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың қатарында Ақтау теңіз портын солтүстікке қарай кеңейту, «Боржақты – Ерсай» теміржол желісі мен Құрық портындағы паром кешенінің құрылысы жұмыстары бар.