• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2014 жылы Ақмола облысының жолдарын дамытуға 6,5 млрд теңге бөлінді – әкім 23.12.2014

«Автокөлік жолдарын дамытуға 6,5 млрд теңге бағытталды, күрделі жөндеуден жергілікті маңыздағы 83 км жол өтті. Аудан орталықтарын 2020 жылға дейін жолаушылар тасымалдарының инфрақұрылымымен қамту үшін 6 автостанция мен 4 жолаушыларға қызмет көрсету орталығы ашылды», - деді әкім.

С.Кулагиннің айтуынша, осы басым бағыттарға Щучинск-Бурабай аймағының жолдарын дамыту, елорда маңындағы жолдарды, облыс орталығы, аудан орталығы  мен Степногорск қаласы маңындағы автокөлік жолдарын  дамыту енеді.

Сондай-ақ, тасымалдаушылар автобус маршруттарының қызметін атқаратын жолаушылар көлігін жаңартып отырады. Бизнестің жол картасы -2020 аясында пайыздық мөлшерлеме бойынша субсидиялау және несиелік кепілдендіру бойынша 2014 жылы 10 автобус пен микроавтобус алынды.

Индира Кауметова


Back to the list