18.12.2014
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Тұлпар Тальго» вагондарынан жасақталған вагондармен жүрдек пойыз қозғалысын қамтамасыз етуге мол мүмкіндіктер жасауда.
««Тұлпар –Тальго» вагондарына жөндеу жасау және техникалық қызмет көрсету мақсатында Астанада соңғы үлгідегі техникалық қызмет көрсету орталығын (ТҚКО) ашылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Техникалық қызмет көрсету орталығының ашылу салтанатына Испания корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мануэль Ларротча,«ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Ермек Қизатов, «Patentes Talgo» S. L. Директорлар кеңесінің төрағасы және Вице-президенті Хосе Мария Ориол Фабра, «Patentes Talgo» S. L компаниясының ТМД елдері мен Қазақстандағы өкілі Паскуаль Дуарте Торрес қатысты.
««ҚТЖ» ҰК» АҚ тұрғындардың жолаушылар тасымалын ұйымдастырудағы қызмет сапасын көтеру мен өскелең талабын қанағаттандыра отырып, өңірлерге жүрдек жолаушылар пойыздарын шығаруда»,- деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Ермек Қизатов.
Бүгінгі таңда 7 жүрдек пойыз бағдары (Алматы – Петропавл, Астана – Ақтөбе, Алматы – Атырау, Астана – Атырау, Алматы – Ақтөбе, Алматы – Защита және Астана – Защита) ашылды.
«Бүгін Қазақстан мен Испан тараптары үшін даталы күн. Мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на техникалық қызмет көрсету орталығын ашқандығы үшін алғыс айтамын. Мен болашақта техникалық орталықтың пойыздарға сапалы сервистік қызмет көрсететіндігіне сенімдімін»,- деді техникалық орталықтың ашылу салтанатына арнайы шақырылған қонақ Паскуаль Дуарте Торрес.
Астанадағы техникалық қызмет көрсету орталығы соңғы үлгідегі техникамен жарақтандырылған. Жылжымалы құрамға қызмет көрсететін орталық тәулігіне 160 вагонға техникалық қызмет ете алады.
Кәсіпорынның жалпы өндірістік алаңының көлемі 8 мың шаршы метр. Онда үш жол, оның екеуі эстакадасы бар вагондарды жөндеу мен қарауға арналған. Техникалық қызмет көрсету орталығы соңғы құрал жабдықтармен қамтылған. Өндірістік корпус жанында қызмет көрсетуші мекемелердің қызметкерлеріне арналған қызметтік- техникалық бекеті бар.
Астаналық орталықта Алматы – Астана, Астана – Ақтөбе, Астана – Атырау, Астана – Защита и Астана – Қызылорда бағдарына жүретін пойыздарға техникалық қызмет көрсету жоспарланып отыр.
Таяу болашақта «Тұлпар-Тальго» вагондарына техникалық қызмет көрсету орындарын Алматы, Ақтөбе станцияларында ашу жоспарланып отыр.