• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚТЖ Түрікменстанмен  серіктестікті одан әрі жалғастырады 18.12.2014

Кездесу барысында екі ел арасындағы транзиттік тасымалды дамыту жайы талқыланды.

«Біздің кездесуіміз Қазақстан, Түркіменстан және Иран Президенттері ашқан трансшекаралық Өзен- Берекет- Гөрган темір жол магистралы  тарихи оқиғасынан соң өтіп отыр»,- деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин.

Басқосу кезінде Иран мен Ауғанстан шекаралық өңірінде тұрақты жүк жөнелтушілердің шоғырлануына  арналған аумақтық бірлескен көліктік-логистикалық орталықтар ашу мәселесі қозғалды.

«Біз өзара серіктестігіміздің болашағына үлкен үмітпен қарап, жұмысты белсенді жүргізуге ынталымыз. Осындай кездесулерді сарапшылар деңгейінде де, басшылар деңгейінде де жиі өткізуіміз қажет,- деді Сатлық Сатлықов.

Түркіменстан делегациясы «Локомотив құрастыру зауыты», «Электровоз құрастыру зауыты» мен «Тұлпар-Тальго» темір жол машиналарын жасау кәсіпорындарын аралады. Қонақтар Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жүзеге асырылған жобалармен танысты.

«Бізге Қытайдан шығатын транзиттік жүктердің Парсы шығанағы елдеріне, Иран мен Түркияға, одан кері қарайғы бағытта тасымал көлемінің артуы үшін, қолайлы тарифтік жеңілдіктерді жасауымыз қажет,-деп А. Мамин кездесуді түйіндеді.

Кездесу барысында тараптар болашақта да темір жол әкімшіліктері арасындағы жұмыстардың жемісті болатындығына сенім білдірді.


Back to the list