• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Литва теміржолы «Сәуле» контейнерлік сервисін дамыту жайын талқылады - ҚТЖ 05.12.2014

Қазақстандық делегацияны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті Қанат Алпысбаев басқарып барды.

«Отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы серіктестікті дамыта отырып, «Сәуле» контейнерлік пойызын жүргізуді ұлғайтып, жүк жөнелту базасын жақсартуды қарастырды. Оның ішінде Қытайдан келетін жүктер, Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің жүктерін Ляньюнган порты арқылы көбейту және Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүктерді Орталық және Батыс Еуропаға шығару мақсатында жүктерді жинақтау базаларын жасақтау талданды», - делінген хабарламада.

2013-2014 жылдарғы «Сәуле» пойызын пайдалану қорытындысы шығарылып, оның тиімділігін көтеруге қажетті шараларды ақылдасты.

Отырысқа қатысушылар «Сәуле» пойызы жобасын жүзеге асырудағы сервистік қызметін дамыту мен тарифтік ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлді.

Кездесу барысында қазіргі қызмет етіп тұрған Клайпедо портының, оның ішінде «VPA Logistics» ЖАҚ компаниясының терминалы және «ВЕGА» стивидорлық компаниясының болашағы жөніндегі тұсаукесер рәсімі өткізілді. Тараптар көліктік –логистика саласы мен Клайпедо портының инфрақұрылымын бірлесіп пайдаланудың, Қазақстан Республикасы арқылы жеткізілетін жүктер көлемін арттырудың барысын талқылап, бірлескен жұмыстарға дайын екендіктерін мәлімдеді.

«Сәуле» контейнерлік пойызы жобасының логистикалық инфрақұрылымын дамыту, мультимодальдық терминалдардың құрылысын жүргізу мақсатында «КTZ Express» АҚ мен «V.Paulis&Associates Real Estate» ЖАҚ арасында «Қорғас –Шығыс қақпасы» АЭА (Қазақстан) және Клайпедо (Литва) портын бірлесе пайдалану тұрғысындағы Бірлескен кәсіпорын құруға уағдаласты.

Анықтама: 2013 жылы «КTZ Express» АҚ мен «VPA Logistics» ЖАҚ арасында «Сәуле» контейнерлік пойызы жұмысын ұйымдастыру барысында аталмыш бағдарда жүк ағынын ұлғайту туралы Меморандумға қол қойылған болатын.

 


Back to the list