• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Өзень – Берекет – Гөрган» теміржолы біздің елдерімізге жүк тасымалын ұлғайтуға мүмкіндік береді – Н.Назарбаев 03.12.2014

Мемлекет басшысы Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Түрікменстанның өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы арасында құрылған Іскерлік кеңес екі елдің бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері арасындағы пайдалы экономикалық байланыстарды жолға қоюға септігін тигізетінін айтты.

 Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» халықаралық теміржол магистралінің Қазақстан-Түрікменстан учаскесінің іске қосылуы арқасында қол жеткен айтарлықтай экономикалық тиімділікке назар аударды.

« Оның іске қосылуы арқылы биылдың өзінде, 8 айдың қорытындысы бойынша, жүк ағыны 40%-ға жуық ұлғайды, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті түрікмен-иран учаскесін іске қосу да өңір елдері үшін зор маңызға ие болатынына тоқталды.

« «Өзень – Берекет – Гөрган» теміржолы біздің елдерімізге солтүстік және оңтүстік бағыттарда жүк тасымалын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Біз елдеріміздің географиялық қонысын Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпір ретінде бұдан әрі де барынша тиімді пайдалануға уағдаластық», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан аумағындағы жаңа бағыттар Түрікменстанға Қытай және одан әрі Тынық мұхитына қарай жүк тасымалдау мүмкіндігін ашатынына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев елдеріміз халықаралық салада өзара қолдау көрсетіп, ынтымақтастықты әрі қарай дамытатынын айтты.

 Мемлекет басшыларының келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды.:

 – Халықаралық Түркі академиясы мен Түрікменстан ғылым академиясының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

– Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Түрікменстанның өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының арасында Іскерлік кеңес құру туралы келісімге;

– Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының әкімдігі мен Түрікменстанның Балқан уәлаятының хякимлигі арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісім;

– Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасында Қазақстан – Түрікменстан – Иран халықаралық транзиттік телекоммуникациялық бағытын құру туралы меморандум

– Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметінің арасында теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

– Қазақстан Республикасы Президенті мен Түрікменстан Президентінің бірлескен мәлімдемесі.


Back to the list