25.11.2014
«Іс-шараны Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі мен «Эйр Астана» қазақстандық ұлттық әуетасымалдаушысы ұйымдастырды Алматы-Бангкок бағыты бойынша күнделікті рейске қосымша ретінде қазақстандық әуетасымалдаушысы 15 желтоқсаннан бастап жаңа Астана – Бангкок бағытын ашады.Ашылу рәсіміне Таиланд Корольдігі Туризм және спорт министрлігі, Таиланд Туризм агенттігі басшылығы, Бангкок әкімшілігінің өкілдері, 50-ден астам ірі тай туристік компаниялар мен жергілікті авиаагенттіктердің басшылары қатысты», - делінген хабарламада.
Іс-шарада Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марат Есенбаев құттықтау сөзін сөйледі. Ол тай тыңдаушыларын Қазақстанның жетістіктері мен одан әрі дамуы келешегі, сонымен қатар Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырды. Әсіресе, Президент аса көңіл бөліп отырған көліктік-логистикалық инфрақұрылым саласымен және Елбасы атап өткен туризмнің дамуы маңыздылығымен.
Қазақстандық дипломаттың сөзінде тайлықтар үшін Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық, Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы жаңа инвестициялық және туристік мүмкіндіктерге айрықша көңіл бөлді.
Ашылу рәсімі қонақтарының айтуы бойынша, туризм мен бизнесті байланыстыратын осындай іс-шаралар, тай халқы арасында географиялық танымды кеңейту мен саяхат үшін жаңа бағыттар, сонымен қатар, бизнес саласында серіктестік қарым-қатынас қалыптастыруда үлкен үміт арттырады.