24.11.2014
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай, Астана-Алматы, Астана-Өскемен, Астана-Ақтөбе-Атырау, Алматы-Өскемен, Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда, Атырау-Астрахань жолдарының құрылысы мен қайта құру жұмыстарына орташа есеппен жылына 2 млрд доллардан астам қаржы бөлінеді», - деді ол.
«Ол өз кезегінде жол құрылыс материалдарын өндіру және тасымалдау кәсіпорындарын құруға және дамытуға мүмкіндік береді және жобаны жүзеге асыруға 200 мың адам жұмылдырылады», - деп сендірді А. Күзеков
Айта кетерлк жайт, Елбасының тапсырысымен 2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы жасақталуда. Ол 2014 жылдың соңына дейін қабылданады. Жолдауға сәйкес 5 452 км жол салынады. Атап айтар болсақ, Астана-Алматы - 1300 км, Астана-Өскемен - 950 км, Астана-Ақтөбе-Атырау-Астарахань - 1600 км, Алматы-Өскемен - 712 км мен Қызылорда-Жазқазған-Қарағанды-Павлодар - 2790 км.
Индира Кауметова