• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Құрық ауылындағы паром өткелін 2015 жылы салу көзделген 20.11.2014

«Мемлекет басшысы Каспийдегі логистикалық құрамды кеңейту туралы жобаны таныстырды. Бұл дегеніңіз Құрық ауылында порттық аймақты дамыту. Бүгінгі таңда жүкті жедел  жеткізу маңызды роль атқарады. Сәйкесінше Ақтау портында жалғыз айлақ бар. Осы ретте Құрық ауылында паром өткелін салу көзделуде. Ол жүк транзитін, экспортқа бейімделген тауарлардың жеткізілімін қамтамасыз ететін болады», - деді Қ.Алпысбаев брифингіде.

Сонымен қатар, оның мәліметі бойынша, инвестиция көлемі  16 млрд теңгеден асты. Бүгінде ұлттық компания инвестициялық жоспарды құрастыруды аяқтауда және жобаны жүзеге асыруға келесі жылы көшеді.

Вице-президент атап өткендей, бұл өткел ТЖ көлігіне қызмет көрсетуге бағытталатын болады.

Сонымен қатар, Қ.Алпысбаев ерекше атап өткендей, аталмыш жоба логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуға, Каспий маңы аймағын дамытуға үлкен серпін береді.

Камила Амирова


Back to the list