20.11.2014
«Еліміз бойынша КЛО-ны дамыту үшін инвестиция көлемі 110 млрд теңгеден асты. Ағымдағы жылы инфарқұрылымдарды құруға басымдылық берілген. Бірінші кезекте олар құрғақ порт құрылысы мен негізгі терминал орналасатын логистикалық аймаққа инфарқұрылымдарды тарту болып табылады»,- деді Қ.Алпысбаев.
Вице-президент еске салып өткендей, ағымдағы жылы стратегиялық маңызы бар теміржол желісі іске қосылды, ол Қазақстанның батысы мен шығысын байланыстырады. Атап айтар болсақ, Жезқазған-Бейнеу мен Аркалық-Шұбаркөл теміржол желілері.
Айта кетерлік жайт, ол Елбасының халыққа Жолдауында логистикалық аймақтарды дамыту қажеттілігіне кеңінен тоқталғанын тілге тиек етті.
«Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ», - деді Президент.
Бұдан басқа, ҚТЖ іші көліктік логистика жүйесін қалыптастыру мақсатында күрделі жобаны жүзеге асыруда. «Астана мен Шымкент қалаларында терминалдарды қалыптастыру бойынша стартап жобаларының құрылыс аяқтау жыл соңына дейін жоспарланған. Ол өзінің өндірістік қуаттылығына 2015 жылдың бірінші тоқсанында көшеді»,- деп түйді Қ.Алпысбаев.
Камила Амирова