• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен өзбек темір жолдарының арасындағы жүк тасымалы 15,9 млн тоннаға жетті - ҚТЖ 14.11.2014

«Аталмыш мерзімде Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүк тасымалы көлемі 2013 жылғы деңгейде сақталып, 15,9 млн. тоннаға жеткізілді. 2014 жылы тасымал көлемін ұлғайту мақсатында Қазақстан тарабы Өзбекстаннан келетін мақта мен тыңайтқыштарға және Өзбекстан тарабы Қазақстаннан шығарылатын астық мен ұнға жеңілдетілген тариф белгіледі», - делінген хабарламада.

Келісім бойынша 2014 жылғы қыркүейектің 1-мен желтоқсанның 31 аралығында Қазақстан Республикасы аумағында Өзбекстаннан келетін мақта мен тыңайтқыш тасымалдауға Қазақстан темір жолы базалық тариф саясатының 0,80 ставкалық көрсеткіші деңгейінде жеңілдетілген тариф қолданылады. Сондай-ақ, Қазақстаннан Өзбекстанға шығарылатын астық пен ұнға да Узбекистон темирйуллари тарапынан осы көлемде жеңілдік жасалады.

Тараптар жеңілдетілген коэффициентті 2014-2015 жылдары сақтауға уағдаласты. Тараптар сондай-ақ тасымалдауға өзара есеп айырысу, пойыздық ауысым кезіндегі тәуліктік жоспарды келісу, пойыздардың тұрып қалуын болдырмау, ақаулы жылжымалы құрамды жолға шығармау, шекаралық бекеттегі жұмыс сапасын көтеру жайлары қарастырылды.

Аталмыш кездесу барысында сарапшылар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы барлық техникалық жағдайларды реттеп, алдағы уақытта тасымал көлемін ұлғайтуға мүмкіндік әпереді. Тараптар келесі кездесуді 2015 жылы Қазақстанда өткізуге уағдаласты.


Back to the list