12.11.2014
«Шараның басты мақсаты – шетел әріптестерін Қазақстанның транспорттық саласы туралы ақпараттандыру, басым бағыттардың таныстырылымын өткізу», - делінген хабарламада.
ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев дипкорпусқа Елбасының «Нұрлы жол» экономикалық саясатының басым бағыттарын атап өтті. Ол Мемлекет басшысы мен үкімет транзиттік-транспорттық әлеуетті қалыптастыруға аса назар аударып отырғанын айтты.