• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Италия тікелей әуе қатынасын  ашады 10.11.2014

«Осы екі жыл ішінде біз Қазақстанмен байланысымызды нығайтпақшымыз. ЭКСПО қазақстандық-итальяндық қарым-қатынаста өте маңызды. Біз Қазақстан мен Италияның арасында тікелей әуерейсін ашуды өте маңызды деп есептейміз. Бүгінде итальяндық қала Рим мен Миланның кандидатурасын қарастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде», - деді Риккардо Монти.

Ол ерекше атап өткендей, Қазақстан мен Итальяның серіктестігі жаңа кезеңге көшуге әзір.

«Біз Қазақстаннан Италияға көптеген туристердің келетінін көріп жүрміз. Мен қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдететінімізге сенімдімін. Осы ретте Шенген құрамына кіретін мемлекеттермен аталмыш мәселе төңірегінде әңгімелескен жөн. Қазіргі таңда ЭКПО-2015 қазақстандық тараптан қанша компания қатысатыны белгісіз. Біз ең болмағана 20 операторды шақырғымыз келеді», - деп толықтырды ол.

«Біз агенттік ретінде итальяндық компанияларды алға шығару үшін нақты бір бюджет қарастырамыз. Ол итальяндық компаниялардың Қазақстанға келуін қамтамасыз етеді», - деді ол.

Камила Амирова


Back to the list