07.11.2014
«Республикалық, облыстық және жергілікті маңыздағы жолдардың жөнделуіне екі жылда 22,2 млрд теңге бөлінді. Оның 14 млрд теңгесі облыстық бюджеттен, 8 млрд теңгесі республикалық бюджеттен бөлінді. Жолдарды қаржыландыру төрт есеге өсті», - деді әкім.
Қаржыландыру саласы бойынша алғашқы үштіктің қатарында тұр. «Облыстық мәслихаттың сессиясында жергілікті жолдардың 223 км облыстық балансқа алу мәселесі шешілді. Жолдардың бөлігі республикалық балансқа берілді», - деді ол.
Әкім атап өткендей, осы жылы «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» бағытындағы темір жол учаскесінің құрылысы аяқталды. Ол еуропалық бағытқа тауар тасымалдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автомагистралінің құрылысы аяқталды.
«Автожолдарда сервистік қызмет жаңартылуда. 812 км бойынша 33 учаске анықталды», - деді ол.
Камила Амирова