07.11.2014
ҚТЖ хабарлағандай, кеңесте тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңыздылығы мен стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Әсіресе ол Азия-Еуропа арасында жүк тасымалдау бойынша бәсекелестікті арттыруда септігін тигізеді.
«2020 жылға қарай аталмыш бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемі 13,5 млн тоннаға жетеді, оның ішінде Қазақстаннан шығатын экспорт 10,5 млн тоннаны құрауы мүмкін. Азия-Еуропа транзиті 1,5 млн тоннаға тең», - делінген хабарламада.
Тараптар мұнай, мазут, газойл өнімдерін Қазақстаннан Ақтау порты арқылы Қытайға шығару маңыздылығы талқыланды.