05.11.2014
«Біз Үлкен Алматы айналма автожолы жобасын іске асыру бойынша бұрынғы Көлік және коммуникация министрлігі автокөлік жолдары комитеті түрінденгі Үкіметің бірегей кеңесшісі болып табыламыз. Осы ірі жоба арқылы Қазақстандағы ірі жобаларды іске асыруға жол ашамыз», - дейді Г. Петров.
Оның айтуынша, жоба Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын іске асыруға тұрақты және институциялды негіз қалыптастырады. «Қазіргі таңда инвесторлар салымының қанша болатынын нақты айту қиын. Қазір біз талапты барынша аз қойып отырмыз. Ал тендерге шыққан кезде инвесторлар өз ұсыныстарын бере бастайды. Инвесторлармен интерактивті процесс негізінде жеке сектордан қаржыландырудың ақырғы құрылымы анықталады», - дейді.
Сонымен қатар, Петров ҮАААЖ жобасына 700 млн теңге инвестиция тартылады деп күтіліп отырғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, ҮАААЖ-ын салу және пайдалануды концессия механизмін пайдалана отырып мемлекеттік-жекеменшік серіктестік приципі бойынша іске асыру жоспарлануда.
Бұл нобай бойынша концессионер осы ақылы автомобиль жолын 4,5 жылдық кезеңде (2015-2019 ж.ж.) салып, одан кейін 15,5 жыл бойы пайдалануы қарастырылған.
ҮАААЖ «батыс еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің айрықша маңызды буыны болып есептелетіні белгілі. Ұзақтығы 66 км автожол 4 және 6 жолақты параметрі І техникалық санаттағы қозғалысқа арналып, цесент-бетон жамылғысымен салынады. Жоба бойынша 21 көпір, 19 жол өтпесі және 12 көлік айырығын салу қарастырылған.
Камила Амирова