• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбеде «Ресей Федерациясының шекарасы - Шымкент» жолы учаскесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды 05.11.2014

Облыс әкімдігі хабарлағандай, жүргізілген жұмыстардың барысымен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов танысты.

Жолды жөндеу жұмыстары 2 жыл бұрын басталған. Жобаның құны 6,8 млрд. теңгені құрады. Енді автожол барлық қажетті техникалық параметрлерге сәйкес. «Жөндеу жұмыстарына  жергілікті халықтан 281 адам тартылды. Сонымен бірге, отандық өнімдегі құрылыс материалдары пайдаланылды»,- деп атап өтті жоба жетекшісі «Қазақжол құрылысы» өкілі Александр Турбай. 


Back to the list