• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 464 километрін  қайта жөндейтін мердігерлер анықталды – ИДМ 23.10.2014

Олардың ішінде Орталық-Оңтүстік дәлізінің 3 учаскесі, Орталық-Шығыс дәлізінің 10 учаскесі, Астана-Петропавл автожолының 2 учаскесі, сонымен қоса Жезқазған-Есіл-Петропавл (Сәтпаев қаласының айналмасы) автожолының 1 учаскесі бар.

Қазіргі кезде мердігерлер әзірлік жұмыстарын жүргізуде: топырақ өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығына ие болу, уақытша жер бөлу және орналасу орынын даярлаудың ресми құжаттарын дайындауда, деп хабарлады министрлікте.

Таяу арада Орталық-Шығыс бағытындағы республикалық маңызы бар, ұзақтығы 132 км автожолдардың  4 учаскесінде мердігерлер айқындалмақшы.

«Жалпы, Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан автожолдарының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында бүкіл ел бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау  жұмыстары кеңінен жалғастырылуда», - делінген хабарламада.

Сонымен, қазіргі сәтте жол-құрылыс жұмыстарымен республиканың барлық облыстары қамтылған. Ағымдағы жылы ұзақтығы 637 километрді құрайтын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жаңадан реконструкцияланған учаскелері бойымен қозғалыс ашу жоспарлануда. 

Бұндай жұмыстар жалпы ұзақтығы 2717 км 76 учаскеде жүргізілуде.

Олардың І және ІІ техникалық санатына бойынша іске асырылды. 


Back to the list