• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ляньюнгандегі қазақстан-қытай бірлескен логистикалық терминалы жүк жөнелтушілерге табысты қызмет көрсетуде -ҚТЖ 22.10.2014

«Ляньюнган портының алғашқы кезеңі биылғы мамырда Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының кездесуі аясында  ашылған болатын. Бүгінгі таңда бірлескен терминал «Қазақстан-қытай халықаралық логистикалық компаниясы» ААҚ бірлескен кәсіпорны басшылығымен қызметін табысты атқаруда», - делінген хабарламада.

БК 2014 жылы маусымның 24-інде Ляньюнган қаласында тіркелген болатын. Онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның үлесі 49%, 51% «Ляньюнган порты компаниялары тобы» ААҚ-на жатады.  Бірлескен кәсіпорында 101 адам жұмыспен қамтылған.

 «Үш айда 20 теңіз кемелері компанияларымен және ірі жүк иелерімен келісім жасалған. Соның нәтижесінде 40 мың ДФЭконтейнер өңделіп, 130 мың тонна құрғақ жүк сақталған. Терминалдың толыққанды жұмысты тоқталыссыз атқаруына қажетті құрал жабдықтар алынды. Оның айтуынша, 2014 жылғы желтоқсанда бірлескен кәсіпорынды пайдалануға беру жоспарланып отыр. 2015 жылы бірлескен кәсіпорын жиырма футтық эквиваленттегі контейнерлердің 250 мыңы өңделеді деп күтілуде», - деді Қазақстандық делегацияға бірлескен кәсіпорны  Любин компанияның Бас директоры.


Back to the list