• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
А.Мамин ТРАСЕКАНЫ дамыту отырысын өткізді 22.10.2014

Кездесуге Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия темір жолдарының делегациясы, Ақтау, Баку, Батуми халықаралық теңіз порттары жетекшілері мен «Әзербайжан Каспий теңізі пароход жүргізу» ЖАҚ басшылығы қатысты.

 Кеңеске қатысушылар Транскаспий халықаралық көлік дәлізі аумағына кіретін темір жол желілері мен құрылыс нысандарының барысын талқылады. Сонымен қатар, бәсекелестікке сай Тарифтік саясат, Ақтау халықаралық порты арқылы жүктерді тасымалдаудың 2014 жылғы тоғыз айдағы қорытындысы, Үйлестіру комитетіне Түрік темір жолын қосудың келісімі туралы жайларды қарады, деп хабарлады ҚТЖ.

«Ақтау қаласындағы портта үш жаңа терминалды салу, 2014 жылғы тамызда Жезқазған-Бейнеу темір жолы құрылысының аяқталуы, 2014 жылдың аяғында Ахалкалаки (Грузия) –Карс (Түркия) магистралі құрылысының аяқталып оның әрі қарай «Мармарай» жобасына қосылуы-Азия мен Еуропа құрылығының Қазақстан арқылы Оңтүстік Кавказ бен Түркияға шығуына мүмкіндік әпереді. Осыған орай Түрік темір жолының Үйлестіру комитетіне қосылуы мультимодалдық тасымалдауды одан әрі жетілдіруге жол ашады. Оған қоса жүктерді контейнерге тиеу, бірқатар кедергілерді дер кезінде жою арқылы халықаралық рынокқа шығуды жеңілдетеді»,-деп атап өтті ҚТЖ президенті, ТРАСЕКА дәлізін дамытудың Үйлестіру комитетінің төрағасы Асқар Мамин.


Back to the list