20.10.2014
«Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының отырысы және Францияның президенті Франсуа Олландтың Қазақстан Республикасына келуі қарсаңында екі елдің авиациялық биліктері Астана-Париж маршруты бойынша келесі жылғы көктемнің өзінде-ақ рейс ашуға мүмкіндік беретін өзара түсіністік туралы жаңа меморандумға қол қойды», - делінген хабарламада.
Тағайындалған тасымалдаушыларға Астана-Париж маршруты бойынша жиілігі аптасына 3 рет рейстер орындау құқығы берілген.
«Қазақстандық авиакомпаниялар келесі жылғы наурыз айында-ақ бұл маршрут бойынша рейс ашуды жоспарлап отыр», - деді ҚР инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев.