16.10.2014
Магистральдық желі дирекциясы желідегі еңбеккерлерге қысқы киім тігетін кәсіпорын басшыларымен кездесуі барысында олар филиалдардың барлығын қыс басталғанға дейін арнайы киіммен қамтамасыз ететіндіктерін мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда Ұлттық компанияның магистральдық желісі нысандарының 83 пайызы тексерілді. Онда 138258 ақаулықтары анықталып, оның 99736-сы яғни 72 пайызы қалпына келтірілді», - делінген хабарламада.
Станцияларға техникалық көмір кесте бойынша жеткізілуде. Бүгінгі күні жылу отындарының 47 пайызы межелі жерге жеткізілген. Теміржолшылар мен зейнеткерлерге жоспарланған көмірдің 41 пайызы яғни 21 мың тонна тұрмыстық көмір жеткізілді.