14.10.2014
Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 2 «Бизнес», 2 «Гранд», 14 «Турист», 1 вагон ресторан, 1 вагон-бар және 3 техникалық вагон.
Құрам Сарыөзек, Үштөбе, Матай, Ақтоғай, Аягөз, Шар станцияларына аялдайды. Өскеменге дейінгі жол 17 сағат 45 минутты, қайтар жол 17 сағат 08 минутты құрайды.
Айта кетейік, 2014 жылдың 1 қазанынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ осы жылғы 14 қарашадан бастап аттанатын «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге жеңілдіктер енгізуде. Жолаушы билетті ерте сатып алған жағдайда 35 пайыздық жеңілдікке ие болады. Оның үстіне пойыз жүрер уақытқа сұранысқа сәйкес билет құны өзгеруі мүмкін.