06.10.2014
Құрам 4 күнде 1 рет қатынайды. Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 2 «Бизнес», 2 «Гранд», 14 «Турист» классы вагондары, 1 ресторан вагоны, 1 бар вагоны және 3 техникалық вагон бар.
«Құрам Шу, Жамбыл станцияларына аялдайды. Шымкентке дейінгі жол 09 сағат 38 минутты, қайтар жол 09 сағат 48 минутты құрайды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 2014 жылдың 1 қазанынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ биылғы жылғы 14 қарашадан бастап аттанатын «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге жеңілдіктер енгізуде. Жолаушы билетті ерте сатып алған жағдайда 35 пайыздық жеңілдікке ие болады. Оның үстіне пойыз жүрер уақытта сұранысқа сәйкес билет құны өзгеруі мүмкін.
Жеңілдіктер қолданыстағы №19/20 «Астана-Атырау», №87/88 «Ақтөбе-Астана», №79/80 «Астана-Шымкент», №77/78 «Алматы-Атырау», №49/50 «Алматы-Ақтөбе», сондай-ақ, үстіміздегі жылдың аяғына дейін іске қосылуы жоспарланып отырған №69/70 «Алматы-Защита» (Өскемен), №67/68 «Астана-Защита» (Өскемен), №89/90 «Астана-Қызылорда» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» пойыздарында енгізіледі.